Благодарим за выбор нашего сервиса!
Тестовое сообщение
Сообщений 1 страница 7 из 7
Поделиться22012-11-15 01:11:47
КІРІСПЕ
Қолыңыздағы бұл еңбектің негізгі мақсаты ол өздеріні мұсылман деп танытатын адамдар арасында жайылған Құран тұрғысындағы теріс нанымдары мен көзқарастарыны Құран аяттарымен дәлелдеп түзету. Бүгінгі мұсылмандардың теріс нанымдарының себебі ол Құранды ақылдырымен қорытудың орнына, бұрыннан бері қалыптасқан мазхабтарыны көрі-көріне еліктеп ұстану болып табылады. Мұсылмандардың айтарлықтай көпшілігі, дін мәселелерінде, дін басшыларының жалған жорамалдарыны тексеруден өткізбей ақ, шүбәсіз ақиқат ретінде қабылдайды, тіпті бұл жалған ілімдердің, Құдайдың кітабына қайшы келетіндігіні де мүлдем ескермейді.
Көпшілік тарапынан қабылданған, және кейбір мүдделер үшін қорғалып жүрген теріс нанымдар Құранның уағыздайтын белсенділікті керенаулыққа аударып қоймай, мұсылмандардың өмір бейнесіні де затымен ауыстырды. Қазіргі таңда, мұсылман әлеміндегі ‘пасифтік Ислам’ Құранда ұсынылған ‘динамикалық Ислам’ нан мүлде алыста. Ислам жамағаты, ғасырлар бұрын қалыптасқан әдет ғұрыптарыны дінге енгізді. Негізінде, Құдай тарапынан, оңайша ұстануға бейімделген Ислам діні, тарихтың бір кезеңіне қамалып оның үстіне джахилия дәуіріндегі арап дәстүрлері мен басқа халықтардың дін ғұрыптары енгізілді. Сондай ақ, хақ діннен айырылу кезеңінде, бір Құдайға деген иман тарқап, дін мәселелерінде Құдайдан басқа көптеген үкім шығарушылар пайда болды. Осылайша Ислам уммасының бірлігі бұзылып, Мұсылман әлемі көптеген мазхабпен топтарға бөлінді. Бүгінгі мұсылмандар Құдайға бойсұну орнына, адам ойлап тапқан болжамдарға, дін басшыларына және жағдайдан пайдаланған саяси экономикалық топтарға бағынышты болды. Пайғамбар, адамзатты беліндегі ауыр жүк пен мойнындағы шынжырдан азат ету міндетімен жіберілген ( Қараңдар 7:157*). Уақытында, Пайғамбар осы міндетіні, Құрандағы қасиетті үкімдер арқылы жүзеге асырды. Алайда, Ислам дұшпандары, діни тұжырымдамалар мен доктриналар ойлап тауып, бұны мұсылмандар арасында жәйіп таратты. Нәтижеде, Пайғамбардың Құдайдан әкелген хақ діннің үкімдері саналардан алыстап оның орнына адамдардың ойлап шығарған діні ауыр басты.
Ислам дұшпандарының дінге енгізген теріс нанымдар мен жаңа енгізілімдердің нәтижесінде қазіргі күннің мұсылмандары, Пайғамбардың адамзатты азат етуге келген осы ауыр жүк пен шынжырлардың қысымшылығымен бейнеттенуде. Фирғаун секілді саяси қанаушылар, Хаман секілді дін және білім қанаушыдары, Харун секілді экономикалық қанаушылар, Ислам әлеміні бақылауды қолдарына алды. Бұның бәрінің нәтижесінде, Ислам әлемі сансыз бөлшектерге бөлініп, басқа елдердің саяси-экономикалық күштеріне бағынуға мәжбүр етілді. Мұсылмандар, бұл төмен жағдайдан құтылу үшін тырысуда, алайда олар, Құранның самаладай нұрыны ұстанбаған соң, мақсаттары жүзеге аспауда. Жер бетінде бейбітшіліктің, мәдениеттің, білімнің, өнердің, техналогияның демеушісі болуларының орнына, төмен әрі шарасыз жағдайда қалуда.
Осы нашар жағдайдан құтылудың тек шарасы ол бір-біріне қатты байланған, берік әрі адал Ислам уммасыны құру. Осы мақсатты жүзеге асырудың жолы, Исламға байланысты мәселелерде тек Құранды нақты дәлел әрі үкім шығарылатын кемшіліксіз, қоспасыз діннің жалғыз қайнары екендігіне сеніп қабылдау. Мұсылмандар, Құдайдың кітабы Құранның маңыздылығын түсініп оның ілімімен білімденген шақта ‘Ислам Ренессансы’ басталады. Осы кітап сол мақсатпен жазылған. Кәшиф Ахмед Шахзада *7 Ағраф сүресі 157 аят.
Құранның жеткілікті әрі бірден-бір діннің қайнары екендігіне жасалған қарсы қөзқарастарды талдап талқылау.
http://nurmura.kz/news/dіnnіn-kainary-r … lіktі-me-0
жалғасы бар...
Поделиться32012-11-15 01:12:19
Қате көзқарас 1
Пайғамбардың сөйлеген әр сөзімен жасаған әр іс әрекеті Құдайдан келетін аян арқылы орындалады, бұның дәлелі 53. Сүренің 3. және 4. аяттарында “Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған аян ғана” деп бұйырылған, сол үшін Пайғамбардың сөйлеген әр сөзімен жасаған әр іс-әрекеті ол Құдайдан келген аян болып табылады.
Түзету 1
Құран, Пайғамбардың күнделікті сөйлеген сөздерімен орындаған іс әрекеттеріні Құдайдан келген аяннан анық айырады, Құран бойынша, Пайғамбардың күнделікті айтқан сөздерімен іс әрекеті аян болып табылмайды, жалғыз Құранның өзі ғана Құдайдың аяны болып бекітілген. Төменде келтірілген Құран аяттары осы пікірді дәлелдейді.
عَفَا اللَّهُ عَنْكَ لِمَ أَذِنْتَ لَهُمْ حَتَّى يَتَبَيَّنَ لَكَ الَّذِينَ صَدَقُوا وَتَعْلَمَ الْكَاذِبِينَ
Құдай сені кешірсін. Саған шын айтқандар анықталып, өтірікшілерді білмейінше оларға неге рұқсат бердің? (9:43)
Пайғамбар, жоғарыда көрсетілген аятта екіжүзділермен шын мәнінде иман келтіргендер бір-бірінен анық айырылғанға дейін күтіп, иман келтіргендер мен бірге күреске қатысқысы келмегендерге күреске қатыспау турасында рұқсат бергенігі үшін сынға алынған. Егерде Пайғамбардың сөйлеген әр сөзімен істеген әр іс-әрекеті Құдайдан келген аян болса еді, екіжүзділерге күреске катыспауға рұқсат бергені үшін сынға алынар ма еді? Бұл аят бізге Пайғамбардың сөйлеген әр сөзінің және жасаған әр іс әрекетінің аянға жатпайтындығыны анық дәлелдейді.
ә) Ағраф сүресіндеде Пайғамбар, жаңа аятмен келмеген уақыттарда, иман келтірмеген адамдардың оны сынға алғанын көреміз:
وإِذَا لَمْ تَأْتِهِمْ بِآيَةٍ قَالُوا لَوْلَا اجْتَبَيْتَهَا
Егер оларға аятпен келмесең, олар: «Оны өзің неге құрамайсың?»,- дейді. (7:203)
Осы жоғарыдағы аят Пайғамбарың күндегілік сөздерінің аян болып табылмайтындығыны анық көрсетеді. Егерде Пайғамбардың сөйлеген әр сөзі Құдайдан келген аян болса еді, Құдай:”Егер оларға аятпен келмесең” деп бұйырмас еді. Пайғамбардың ауызынан шыққан әр сөз Құдайдан келген аян болса еді иман келтірмегендер Пайғамбардың күнделікті сөйлеген сөздерімен Құдайдан келген аянды бір-бірінен айыралмас еді және де Пайғамбар аят алып келмеді деп оны ешкім сынға алмас еді. Жоғарыда келтірілген аятта Пайғамбар адамзатқа Құдайдан келген аян ретінде тек Құран аяттарыны жеткізгендігіні анық көрсетеді де ал осы аяттың жалғасы болса бұл көзқарасты бекіте түседі:
قُلْ إِنَّمَاأَتَّبِعُ مَا يُوحَى إِلَيَّ مِنْ رَبِّي هَذَا بَصَائِرُ مِنْ رَبِّكُمْ وَهُدًى وَرَحْمَةٌ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ
وإِذَا قُرِئَ الْقُرْءَانُ فَاسْتَمِعُوا لَهُ وَأَنْصِتُوا لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ
Мен: «Тәрбие етушім тарапынан маған аян етілгенге ғана бой ұсынамын. Осы Құран, иман келтірген елге, Тәрбие етушілеріңнен анық дәлелдер. Сондай-ақ тура жол әрі меиірбандық». Құран оқылғанда , оған құлақ салып тыңдаңдар да үндемеңдер . Дәме етіңдер, мейірбандыққа бөленерсіңдер. (7:203-204)
б) Тахрим сүресінде Пайғамбар, Құдайдың адал еткен нәрсесіні арам еткені үшін ескертіледі:
يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ لِمَ تُحَرِّمُ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكَ تَبْتَغِي مَرْضَاتَ أَزْوَاجِكَ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ
Әй Пайғамбар! Жұбайларыңның ризашылығын қалап, Құдайдың өзіңе адал еткен нәрсесін неге арам етесің? Құдай тым жарылқаушы, ерекше мейрімді. (66:1)
Жоғарыда келтірілген Құран аятыда Пайғамбардың сөйлеген әр сөзінің Құдайдан келген аян еместігіне даусыз дәлел. Негізінде Пайғамбарда басқа адамдар сияқты кейбір мәселелерде өз шешімімен әрекет жасаған, олай болмаса Құдайдың адал дегеніне арам деп үкім шығалмайтын еді, Құдайда Өзінің адал деп үкім еткен нәрсесіне арам деп шешім шығарған Пайғамбарды бұлайша ескертпейтін еді.
в) Бақара сүресінде Құдай, Пайғамбарға түскен аянға назар аударып бір жағынанда кәпірлерге “Құранның сүресіне ұқсас бір сүре ойлап табыңдар” деп, оларды сынға шақырады:
وَاِنْ كُنْتُمْ فٖى رَيْبٍ مِمَّا نَزَّلْنَا عَلٰى عَبْدِنَا فَاْتُوا بِسُورَةٍ مِنْ مِثْلِهٖ وَادْعُوا شُهَدَاءَكُمْ مِنْ دُونِ اللّٰهِ اِنْ كُنْتُمْ صَادِقٖينَ
Егер құлымызға түсіргенімізден күдіктенсеңдер, онда сендер де сол құсаған бір сүре келтіріңдер, Құдайдан өзге көмекшілеріңді де шақырыңдар, егер сөздерің рас болса. (2:23)
Жоғарыда келтірілген аятта сенбеушілерді сынға шақырып, Құран сүресіне ұқсас бір сүре ойлап шығаруларыны бұйырған. Сүре деген-сөздің мағынасы ол, Құранның бөлімшелері екендігі бәрімізге мәлім. Ал ахлу сунна және шиа мазхабтарының ақида сенімі бойынша хадис хабар жинақтары мен дәстүрлі діннің қайнар жазбалары болып саналатын кітаптары сүрелерден құралмаған. Олай болса Құдайдың Пайғамбарына түсірген аянынан мақсат ол жалғыз тек Қасиетті Құран болып табылады.
г) Маида сүресінде иман келтіргендерге егер айқындалса күйінулеріне себепші болатын нәрселерді сұрамауларыны бұйырады, себебі сұрақтарға берілетін жауаптар жаңа жауапкершілікті яғни парызды бірге алып келеді. Алайда сол сұрақтарды Құран түсіп жатқан уақытта сұраса оларға Құдай аят арқылы жауап береді:
يَا اَيُّهَا الَّذٖينَ اٰمَنُوا لَا تَسْپَلُوا عَنْ اَشْيَاءَ اِنْ تُبْدَ لَكُمْ تَسُؤْكُمْ وَاِنْ تَسْپَلُوا عَنْهَا حٖينَ يُنَزَّلُ الْقُرْاٰنُ تُبْدَ لَكُمْ عَفَا اللّٰهُ عَنْهَا وَاللّٰهُ غَفُورٌ حَلٖيمٌ
Әй иман келтіргендер! Егер айқындалса күйінулеріңе себепші болатын нәрсені сұрамаңдар. Құран түсірілгенде оны сұрасаңдар сендерге білдіріледі. Құдай оны кешті. Құдай аса жарылқаушы, өте жұмсақ. (5:101)
Егерде Пайғамбардың сөйлеген әр сөзі аян болса еді, онда иман келтіргендер де діни мәселелерімен байланысты сауалдарының жауаптарыны тек Құраннан іздеу міндеті болмайтын еді. Мұсылмандар тек Құран түсіп жатқанда емес күнделікті күндерде де Пайғамбардың өзіненде дінге байланысты сұрақ сұрап одан Құдайдың үкіміні ала бертін еді. Үкім үшін иман келтіргендерге сауалдарының жауаптарыны тек Құраннан алулары бұйырығы, Пайғамбардың сөйлеген әр сөзінің аянға жатпайтындығын көрсетеді.
ғ)Тәубе сүресінде екіжүзділерді Құранда түскен әр мәліметтен қорқатын кісілер деп танымдайды:
يَحْذَرُ الْمُنَافِقُونَ اَنْ تُنَزَّلَ عَلَيْهِمْ سُورَةٌ تُنَبِّئُهُمْ بِمَا فٖى قُلُوبِهِمْ قُلِ اسْتَهْزِٶُا اِنَّ اللّٰهَ مُخْرِجٌ مَا تَحْذَرُونَ
Екі жүзділер, өздеріне байланысты жүрегіндегілерден хабар беретін бір сүренің түсуінен қорқады. «Қылжақтай тұрыңдар. Расында Құдай сескенгендеріңді жарыққа шығарады» де. (9:64)
Пайғамбардың Құраннан тыс күнделік жәй сөздерімен екіжүзділердің жүректеріндегі сырларыны шығармайды да, оларды қорқытпайды ал Құран берген мәлімет ол Құдайдың сөзі болған соң екіжүзділердің сырларыны су бетіне шығарып оларды қорқытады.
Ал басқа бір аятта болса, иман келтіргендердің Құран аяттары арқылы Құдайдан мәлімет алуға асығатындарыны баяндайды:
وَيَقُولُ الَّذٖينَ اٰمَنُوا لَوْلَا نُزِّلَتْ سُورَةٌ فَاِذَا اُنْزِلَتْ سُورَةٌ مُحْكَمَةٌ وَذُكِرَ فٖيهَا الْقِتَالُ رَاَيْتَ الَّذٖينَ فٖى قُلُوبِهِمْ مَرَضٌ يَنْظُرُونَ اِلَيْكَ نَظَرَ الْمَغْشِىِّ عَلَيْهِ مِنَ الْمَوْتِ فَاَوْلٰى لَهُمْ
Иман келтіргендер: “Бір сүре неге түсірілмейді?”,- дейді. Ішінде соғыс баян етілген, ашық түсінікті бір сүре түсірілген кезде, жүректерінде дерті барлардың, саған; өзін өлім есірігі басқанның қарауынша қарағанын көресің. Оларга өлім артық. (47:20)
Егер Пайғамбардың өмірі бойынша сөйлеп шыққан сөздерінің бәрі аян болса, неліктен иман келтіргендер Құраннан тыс сөздеріне қанағаттанған жоқ, олардың Құран сүрелеріні сабырсыздықпен күтулері тек Құранның ғана Құдайдың аяны екендігіні анық көрсетпейме?
д) Худ сүресінде Құдайдың жалғыз аяны тек Құран екендігін білдіреді:
فَلَعَلَّكَ تَارِكٌ بَعْضَ مَا يُوحٰى اِلَيْكَ وَضَائِقٌ بِهٖ صَدْرُكَ اَنْ يَقُولُوا لَوْلَا اُنْزِلَ عَلَيْهِ كَنْزٌ اَوْ جَاءَ مَعَهُ مَلَكٌ اِنَّمَا اَنْتَ نَذٖيرٌ وَاللّٰهُ عَلٰى كُلِّ شَیْءٍ وَكٖيلٌ
اَمْ يَقُولُونَ افْتَرٰیهُ قُلْ فَاْتُوا بِعَشْرِ سُوَرٍ مِثْلِهٖ مُفْتَرَيَاتٍ وَادْعُوا مَنِ اسْتَطَعْتُمْ مِنْ دُونِ اللّٰهِ اِنْ كُنْتُمْ صَادِقٖينَ
Бәлкім сен олардың: «Оған қазына неге түсірмейді? Яқи онымен бірге періште неге келмейді?»,- деулеріне көңлің тарайып, аян етілген нәрсенің кейбірін тастауың ықтимал. Шынында сен бір ескертушісің. Құдай әр нәрсеге кепіл. Немесе олар: «Құранды өзі жасады» дей ме? Оларға: «Егер айтқандарың шын болса, Құдайдан өзге көмекке шақыра алатыңдарынды шақырыңдар да сол сияқты жасама он сүре келтіріңдер» де. (11:12-13)
Жоғарыда көрсетілген аяттағы “саған аян етілген” сөйлемі Пайғамбарға түскен аянның тамамыны ішіне алады. Бұл жердегі аян Құранның өзі ғана, себебі Құдай, Пайғамбарының алып келген хабарыны өтірікке шығарғанды ер майданына шақырып, олардан Құран сүрелеріне ұқсас он сүре әкелулеріні талап етеді. Құдайдың талабы, сүрелер тек Құран сүрелеріне ұқсау керек деп білдірілген, әйтпесе басқа кітаптарға немесе хадистер жинағына ұқсау керек деп бұйырмаған. Егерде Пайғамбардың Құраннан басқа сөздеріде аян болып табылса еді, онда Құдай тек Құранның ұқсасыны әкеліңдер демеп айтпас еді. Жоғарыдағы аяттан анық түсінетініміз, Құдайдан келген тек аян және діннің жалғыз қайнар-көзі ол Құран.
Енді Нәжм сүресінің алғашқы төрт аятына назар аударайық:
وَالنَّجْمِ اِذَا هَوٰى
مَا ضَلَّ صَاحِبُكُمْ وَمَا غَوٰى
وَمَا يَنطِقُ عَنِ الْهَوٰى
اِنْ هُوَ اِلَّا وَحْيٌ يُوحٰى
Батып бара жатқан жұлдыздарға серт. Жолдастарың адаспады да, ауытқымады. Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған аян ғана. (53:1-4)
Жоғарыда келтірілген аяттағы “аян” деген не? Пайғамбардың ауызынан шыққан әр сөз аянба?
Қазірге дейін оқылған аяттар, Пайғамбардың сөйлеген әр сөзі аян еместігіні анық көрсетті. Сонда аян дегеніміз не? Оны Шура суресінен білуге болады:
وَكَذٰلِكَ اَوْحَيْنَا اِلَيْكَ قُرْاٰنًا عَرَبِیًّا لِتُنْذِرَ اُمَّ الْقُرٰىوَمَنْ حَوْلَهَا وَتُنْذِرَ يَوْمَ الْجَمْعِ لَا رَيْبَ فٖيهِ فَرٖيقٌفِى الْجَنَّةِ وَفَرٖيقٌ فِى السَّعٖيرِ
Осылайша қалалардың орталығы әрі маңындағыларды қорқытуың және де болуында шәк жоқ күні, жиналуды ескертуің үшін; саған арапша Бір Құранды аян еттік. Ол күні бір топ жаннатта, бір топ тозақта. (42:7)
Құдай бұл аятта, Пайғамбарға аян етілген нәрсенің арапша Құран екендігіні анықтайды. Пайғамбарда Құранда жер алған бір сөйлемінде бұл мәселені бекіте түседі:
قُلْ اَىُّ شَیْءٍ اَكْبَرُ شَهَادَةً قُلِ اللّٰهُ شَهٖيدٌ بَيْنٖى وَبَيْنَكُمْ وَاُوحِىَ اِلَیَّ هٰـذَا الْقُرْاٰنُ لِاُنْذِرَكُمْ بِهٖ وَمَنْ بَلَغَ اَئِنَّكُمْ لَتَشْهَدُونَ اَنَّ مَعَ اللّٰهِ اٰلِهَةً اُخْرٰى قُلْ لَا اَشْهَدُ قُلْ اِنَّمَا هُوَ اِلٰـهٌ وَاحِدٌ وَاِنَّنٖى بَرٖیءٌ مِمَّا تُشْرِكُونَ
«Куәлік тұрғысынан қай нәрсе маңызды?»,- де. «Мені мен сендердің араларында Құдай куә және маған осы Құран, сендерді сондай-ақ кімге жетіссе, оларды сақтандыруым үшін аян етілді. (6:19)
е) Құдай, Пайғамбарынан Құраннан тыс мәселелерде иман келтіргендермен кеңесуді талап етеді. Егерде Пайғамбардың айтқан әр сөзі аян болса, Құдай, Пайғамбарына иман келтіргендермен кеңесуді талап етер ме еді?
فَبِمَا رَحْمَةٍ مِنَ اللّٰهِ لِنْتَ لَهُمْ وَلَوْ كُنْتَ فَظًّا غَلٖيظَ الْقَلْبِ لَانْفَضُّوا مِنْ حَوْلِكَ فَاعْفُ عَنْهُمْ وَاسْتَغْفِرْ لَهُمْ وَشَاوِرْهُمْ فِى الْاَمْرِ فَاِذَا عَزَمْتَ فَتَوَكَّلْ عَلَى اللّٰهِ اِنَّ اللّٰهَ يُحِبُّ الْمُتَوَكِّلٖينَ
Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де іс жөнінде олармен кеңес . Сонда қашан қарар берсең, Құдайға тәукел ет. Негізінен Құдай тәуекел еткендерді жақсы көреді. (3:159)
Бүкіл осы дәлелдер, Пайғамбардың күнделікті өміріндегі сөйлеген сөздері аянға жатпайтындығыны растайды. Құдайдан Пайғамбарға түскен жалғыз аян ол Құран.
Поделиться42012-11-15 01:12:42
Қате көзқарас 2
Құранда, Құдайға және оның Пайғамбарына бағынуымызды әмір етілген, олай болса Құдайға бағыну үшін Құранды, Пайғамбарымызға бағыну үшін сүндетіні, хадистеріні және басқада діни мазмұнды кітаптарды ұстануымыз керек.
Түзету 2
Құранда тек Пайғамбарға бағыныңдар деп қоймай, Пайғамбар әкелген Құрандағы Құдайдың әмірлеріне бағынышты болуымызды анықтайды. Төменде келтірілген аяттар Пайғамбарға түскен құдайшыл ілімбұлақты бізге көрсетеді.
Пайғамбардың Құдайдан алған құдайшыл мәлімдеме дегеніміз не?
Маида сүресінде, Пайғамбарға жеткен қасиетті аянды, яғни Құранды, адамдарға жеткізуі талап етілген, өйтпейінше, Пайғамбар өз миссиясыны түгелдей орындамаған болатындығы айтылған:
يَا اَيُّهَا الرَّسُولُ بَلِّغْ مَا اُنْزِلَ اِلَيْكَ مِنْ رَبِّكَ وَاِنْ لَمْ تَفْعَلْ فَمَا بَلَّغْتَ رِسَالَتَهُ وَاللّٰهُ يَعْصِمُكَ مِنَ النَّاسِ اِنَّ اللّٰهَ لَا يَهْدِى الْقَوْمَ الْكَافِرٖينَ
Әй Елші! Тәрбие етушің тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін түгелдей орындамаған боласың. Құдай сені адамдардан қорғайды. Күдіксіз Құдай опасыздар қауымыны тура жолға салмайды. (5:67)
Жоғарыда келтірілген аятта Құдай өзінің Пайғамбырына түсіргеніні адамдарға жеткізуіні талап етеді. Бұл түсірілген ілім мен заң-қағиданың не екеніндігін төмендегі аяттар анықтайды:
وَنَزَّلْنَا عَلَيْكَ الْكِتَابَ تِبْيَانًا لِكُلِّ شَیْءٍ وَهُدًى وَرَحْمَةً وَبُشْرٰى لِلْمُسْلِمٖينَ
Сондай-ақ саған әр нәрсені анықтайтын және иман келтіргендерге тура жол, игілік әрі қуаныш түрінде Құранды түсірдік. (16:89)
Жоғарыдағы келтірілген аятта көрсетілгендей, Құран нұсқау ретінде әр діни мәселеге үкім беріп шешім шығарады. Ниса сүресінде болса Пайғамбарға жіберілген қасиетті мәлімдемені былайша танытады:
اِنَّا اَنْزَلْنَا اِلَيْكَ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ لِتَحْكُمَ بَيْنَ النَّاسِ بِمَا اَرٰيكَ اللّٰهُ وَلَا تَكُنْ لِلْخَائِنٖينَ خَصٖيمًا
Шын мәнінде саған Кітапты; Құдайдың, өзіңе көрсетуі бойынша адамдардың арасына үкім қылуың үшін шындықпен түсірдік. Сондықтан қаралықшылдарға болысушы болма. (4:105)
Құдайдың, Пайғамбарына жіберген кітабы Құран бұл жерде де құдайшыл мәлімдеме сипатыны алып тұр. Құдай Пайғамбарына осы мәлімдемесімен үкім етуін талап етеді. Төмендегі аятта осыған ишарат етеді:
وَاَنْزَلْنَا اِلَيْكَ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ مُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَيْهِ مِنَ الْكِتَابِ وَمُهَيْمِنًا عَلَيْهِ فَاحْكُمْ بَيْنَهُمْ بِمَا اَنْزَلَ اللّٰهُ وَلَا تَتَّبِعْ اَهْوَاءَهُمْ
Cаған шынайы түрде Құранды өзінен бұрыңғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Құдайдың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айрылып, олардың ойларына еліктеме!(5-48)
Жоғарыда келтірілген аяттарда Құдай, Пайғамбарына кітап түсіргенін білдіреді, ал Пайғамбардың міндеті болса осы кітапты яғни Құранды түгелдей ұстану, адастыққа түспеу әрі де адамдар арасында сонымен шешім шығарып үкім ету. Төменде келтірілген аяттарда, Пайғамбардың қай ілімбұлақпен адамдарды ескерту керектігіні және де насихат ету керектігіні анықтата түседі. Қаф сүресінде Құдай Пайғамбарына былай әмір етеді:
نَحْنُ اَعْلَمُ بِمَا يَقُولُونَ وَمَا اَنْتَ عَلَيْهِمْ بِجَبَّارٍ فَذَكِّرْ بِالْقُرْاٰنِ مَنْ يَخَافُ وَعٖيدِ
Олардың не дегендерін жақсы білеміз. Сен оларға зорлаушы емессің. Кім азаптан қорықса, Құранмен үгіт бер. (50-45)
Құдай, Пайғамбарынан адамдарға Құранмен үгіт насихат беруіні әмір етеді, басқа бір кітап немесе риуаятпен емес, бұл Құрандағы Пайғамбар айтқан сөйлемінде де көреміз. Құранда әмір етілген Пайғамбардың міндеті ол Құран арқылы адамдарды үгіттеу, сүйіншілеу әрі ескерту:
قُلْ اَىُّ شَیْءٍ اَكْبَرُ شَهَادَةً قُلِ اللّٰهُ شَهٖيدٌ بَيْنٖى وَبَيْنَكُمْ وَاُوحِىَ اِلَیَّ هٰـذَا الْقُرْاٰنُ لِاُنْذِرَكُمْ بِهٖ
«Куәлік тұрғысынан қай нәрсе маңызды?»,- де. «Мені мен сендердің араларында Құдай куә және маған осы Құран, сендерді сондай-ақ кімге жетіссе, оларды ескерту үшін аян етілді (6:19)
Тағы басқа бір аятта, Пайғамбардың қай ілімбұлақ арқылы адамдарды ескерту керектігіні хабар береді:
يَا اَهْلَ الْكِتَابِ قَدْ جَاءَكُمْ رَسُولُنَا يُبَيِّنُ لَكُمْ كَثٖيرًا مِمَّا كُنْتُمْ تُخْفُونَ مِنَ الْكِتَابِ وَيَعْفُوا عَنْ كَثٖيرٍ قَدْ جَاءَكُمْ مِنَ اللّٰهِ نُورٌ وَكِتَابٌ مُبٖينٌ
يَهْدٖى بِهِ اللّٰهُ مَنِ اتَّبَعَ رِضْوَانَهُ سُبُلَ السَّلَامِ وَيُخْرِجُهُمْ مِنَ الظُّلُمَاتِ اِلَى النُّورِ بِاِذْنِهٖ وَيَهْدٖيهِمْ اِلٰى صِرَاطٍ مُسْتَقٖيمٍ
Әй Кітап иелері! Сендерге кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді. Расында сендерге Құдайдан бір нұр және анық бір Кітап (Құран) келді. Құдай кім өз ризасына үйлессе, сол Кітап арқылы есендік жолдарына салады және өз нұсқауымен қараңғылықтардан жарыққа шығарып тұп-тура жолға салады. (5:15-16)
Жоғарыдағы аят, Пайғамбардың, ахли кітаб яғни яһуди және хрисиандарға Құдайдан келген кітап арқылы дағуат жасағаныны білдіреді. Құрандағы аяттар, Пайғамбардың қай ілімбұлақпен адамдардың көздеріні ашқаныны тағы бір рет есімізге түсіреді:
اِنَّمَا اُمِرْتُ اَنْ اَعْبُدَ رَبَّ هٰذِهِ الْبَلْدَةِ الَّذٖى حَرَّمَهَا وَلَهُ كُلُّ شَیْءٍ وَاُمِرْتُ اَنْ اَكُونَ مِنَ الْمُسْلِمٖينَ
وَاَنْ اَتْلُوَا الْقُرْاٰنَ فَمَنِ اهْتَدٰى فَاِنَّمَا يَهْتَدٖى لِنَفْسِهٖ وَمَنْ ضَلَّ فَقُلْ اِنَّمَا اَنَا مِنَ الْمُنْذِرٖينَ
“Шын мәнінде мен әр нәрсенің Иесі, осы құрметті қаланың Тәрбие етушісіне құлшылық қылуға, сондай-ақ Мұсылмандардан болуға бұйырылдым.” (де). “Және де Құран оқуға бұйырылдым”. Енді кім тура жолда болса, рас ол өзі үшін тура жолда болады. Ал және кім адасса: “Шынында мен ескертушілерден ғанамын” де. (27:91-92)
Жоғарыда келтірілген аятта көрсетілгендей, Пайғамбар дағуат насихат ретінде Құран оқыған, қалаған адамдар да осы дағуатқа құлақ салып тыңдап, иман келтіріп және де нұсқау ретінде қабылдап тура жолды табатындарыны хабар береді:
اِنَّ الَّذٖى فَرَضَ عَلَيْكَ الْقُرْاٰنَ لَرَادُّكَ اِلٰى مَعَادٍ قُلْ رَبّٖى اَعْلَمُ مَنْ جَاءَ بِالْهُدٰى وَمَنْ هُوَ فٖى ضَلَالٍ مُبٖينٍ
Күмәнсіз саған Құранды міндетті қылған Құдай, әрине сені қайтар жеріңе қайтарады. “Тәрбие етушім, туралық келтірген кісіні де ашық адасудағы кісіні де жақсы біледі” де. (28:85)
Жоғарыдағы аят Пайғамбарға ілімбұлақ ретінде тек Құран парыз етілгендігіні хабарлайды. Жоғарыда келтірілген барлық аяттар, Құдай, кітабыны Пайғамбарға түсіргеніні және де тек сол кітап арқылы адамдарға дінді уағыздауыны міндеттеген. Құдай, Пайғамбарыны елшілігіні атқарып жатқанда оны қате немесе адасудан сақтандырған. Маида 48. аяттан дәйексөз алғанымызда, діни мәселелерде Пайғамбардың берген әр шешіміні, қылған әр үкіміні міндетті түрде Құранға таяну керектігіні көреміз. Осы аяттардан қорытынды шығарғанда, Паиғамбарға, діни мәселелерде өзінің шығарған заңыны немесе біліміні емес, міндетті түрде тек Құранды уағыздауы парыз болғандығыны түсінеміз. Адамдар, Пайғамбардың жеке көзқарасына немесе әдетіне бағынуы керек емес, қайта тек Құдайдың заңына бас иуі керек. Сондықтан Пайғамбарда, адамдарды ақиқатқа тек Құранмен шақырған. Пайғамбарға бағыну дегеніміз ол Құдайдың мелімдемесі Құранға бағыну деген болып табылады. Себебі Пайғамбар, адамдарға өзінің немесе басқаларының іліміні емес, тек Құдайдың аяныны жеткізген. Онсызда ‘Пайғамбар’ сөзінің мағынасы ол ‘елші’ дегенге келеді, яғни басқа біреуінің хабарыны, қоспасыз, кемітусіз, кешіктірусіз, бір бөлігіні жасырусыз адамдарға жеткізетін адам дегенді білдіреді. Құдай, кейбір мәселелерде үкім бермеген жағдайларда, Пайғамбар өз ой-пікірімен яки сол уақыттағы жұртшылықтың қалыптасқан жалпы әдеттері бойынша үкім шығарған болуы әбден мүмкін, алайда бұл үкімдер дінге деген ешқандай қатысы жоқ, өзінің жеке шешімі болып табылады, сондықтанда Пайғамбар, өз көзқарастарыны адамдардың санасына орнатуға тырыспаған. Құдай, кітабында, адамдардың тек Құранға бағынышты болуларыны талап етеді. Төменде келтірілген аяттар болса, діни негіздері мен мәселелерінде жалғыз заң ол Құдайдың кітабы Құран екендігін көрсетеді:
Поделиться52012-11-15 01:13:02
ҚҰДАЙДАН БАСҚА ДІН МӘСЕЛЕСІНДЕ ЕШКІМ ҮКІМ ҚОЯ АЛМАЙДЫ!
اِنِ الْحُكْمُ اِلَّا لِلّٰهِ
“ Үкім Құдайға ғана тән.”(12:40)
وَلَا يُشْرِكُ فٖى حُكْمِهٖ اَحَدًا
“Ол, өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды” де. (18:26)
Жоғарыда келтірілген аяттардан, дін мәселелерінде Құдайдан басқа ешкім үкім қоя алмайтындығы айтылған, тіпті Пайғамбар болса да ешбір адам баласының өзінің жеке көзқарастарыны діни үкім ретінде үгіттеуге рұқсат етілмеген, төмендегі келтірілген аят осы пікірді қолдайды:
مَا كَانَ لِبَشَرٍ اَنْ يُؤْتِيَهُ اللّٰهُ الْكِتَابَ وَالْحُكْمَ وَالنُّبُوَّةَ ثُمَّ يَقُولَ لِلنَّاسِ كُونُوا عِبَادًا لٖى مِنْ دُونِ اللّٰهِ وَلٰـكِنْ كُونُوا رَبَّانِيّٖنَ بِمَا كُنْتُمْ تُعَلِّمُونَ الْكِتَابَ وَبِمَا كُنْتُمْ تَدْرُسُونَ
Құдай адамға кітап, даналық және пайғамбарлық берген болса, сонсоң оның басқа адамдарға: «Құдайды қойып маған құл болыңдар» деулері лайық емес. Керісінше: «Кітапты үйретулерің, оқуларың бойынша нағыз Құдайшыл болыңдар» дейді. (3:79)
Аятта көрсетілгендей, Пайғамбар ешқашан адамдарға өз пікір-көзқарасыны қабылдатуға тырыспаған, керісінше, Құдайдың кітабына бағынуларыны қалаған. Құдайдын әлемдегі үкімі табиғат заңы болып ортаға шығады, ал соған ұқсас заң, адам өмірінде де бар, ол заң Құдайдың үгіттері мен әмірлеріне таянады.Сондықтан, Құдайдың адам баласының өміріні билеуі, Өзінің кітабы Құран үгіттері мен әмірлері арқылы жүзеге асатындығы төмендегі Мұхаммед Пайғамбардың аяттағы сөйлемімен қуаттанады:
اَفَغَيْرَ اللّٰهِ اَبْتَغٖى حَكَمًا وَهُوَ الَّذٖى اَنْزَلَ اِلَيْكُمُ الْكِتَابَ مُفَصَّلًا وَالَّذٖينَ اٰتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَعْلَمُونَ اَنَّهُ مُنَزَّلٌ مِنْ رَبِّكَ بِالْحَقِّ فَلَا تَكُونَنَّ مِنَ الْمُمْتَرٖينَ
«Ол, сендерге егжей-тегжейлі Кітап түсірді. Сонда да Құдайдан басқа үкімші іздейін бе?»,- (де) (6:114)
ҚҰДАЙДЫҢ ПАЙҒАМБАРЫ, ТЕК ҚҰДАЙДЫҢ ЗАҢ-ҚАҒИДАСЫНЫ ЖЕТКІЗЕДІ, АЛ АДАМДАР БОЛСА, ПАЙҒАМБАР АРҚЫЛЫ ЖЕТКЕН ҚҰДАЙДЫҢ ЗАҢЫНЫ ҰСТАНУҒА МІНДЕТТІ!
Жоғарыда келтірілген аят, Пайғамбардың міндеті ол Құдайдың кітабындағы үкімдерді орындау екендігіні көрсетеді, сондықтан, Пайғамбарға бағыну дегеніміз ол Құдайдың кітабында бекітілген үкімдерге бағыну болып табылады. Пайғамбар, тек Құдайдың үкіміні жеткізеді. Адамдардан, тек Құдайдың үкіміне бағынышты болуларынан басқа талабы жоқ. Үкім тек Құдайдың кітабы Құраннан шығады. Төмендегі көрсетілген аяттар, Пайғамбарға бағынышты болу дегеніміз ол Оның Құдайдан аян арқылы алған Құран үкімдеріне бағыну екендігіні түсіндіре түседі:
وَاَطٖيعُوا اللّٰهَ وَاَطٖيعُوا الرَّسُولَ وَاحْذَرُوا فَاِنْ تَوَلَّيْتُمْ فَاعْلَمُوا اَنَّمَا عَلٰى رَسُولِنَا الْبَلَاغُ الْمُبٖينُ
Құдайға бой ұсыныңдар және де Елшісіне бой ұсынып сақтаныңдар. Сонда егер жүз бұрсаңдар, біліңдер! Елшіміздің міндеті ашық түрде жеткізу ғана. (5:92)
وَاللّٰهُ جَعَلَ لَكُمْ مِمَّا خَلَقَ ظِلَالًا وَجَعَلَ لَكُمْ مِنَ الْجِبَالِ اَكْنَانًا وَجَعَلَ لَكُمْ سَرَابٖيلَ تَقٖيكُمُ الْحَرَّ وَسَرَابٖيلَ تَقٖيكُمْ بَاْسَكُمْ كَذٰلِكَ يُتِمُّ نِعْمَتَهُ عَلَيْكُمْ لَعَلَّكُمْ تُسْلِمُونَ
فَاِنْ تَوَلَّوْا فَاِنَّمَا عَلَيْكَ الْبَلَاغُ الْمُبٖينُ
Құдай жаратқандарынан көлеңкелер жасап, және таулардан ықтасындар пайда қылды. Сондай-ақ сендер үшін ыстықтан қорғайтын киімдер және соғыста қорғанатын сауыттар пайда қылды. Осылайша сендерге нығметтерін тамамдады. Әрине бой ұсынарсыңдар. Сонда да егер олар жалтайса, саған ашық түрде жеткізу ғана міндет. (16:81-82)
وَاِنْ تُكَذِّبُوا فَقَدْ كَذَّبَ اُمَمٌ مِنْ قَبْلِكُمْ وَمَا عَلَى الرَّسُولِ اِلَّا الْبَلَاغُ الْمُبٖينُ
“Егер сендер жасынға шығарсаңдар, расында бұрынғы үмметтер де жасынға айналдырған. Елшінің міндеті ашық жеткізу ғана.” (29:18)
وَاَطٖيعُوا اللّٰهَ وَاَطٖيعُوا الرَّسُولَ فَاِنْ تَوَلَّيْتُمْ فَاِنَّمَا عَلٰى رَسُولِنَا الْبَلَاغُ الْمُبٖينُ
Құдайға да бой ұсыныңдар әрі Елшісіне де бағыныңдар. Егер бет бұрсаңдар, Елшімізге жеткізу ғана міндет. (64:12)
قُلْ اَطٖيعُوا اللّٰهَ وَاَطٖيعُوا الرَّسُولَ فَاِنْ تَوَلَّوْا فَاِنَّمَا عَلَيْهِ مَا حُمِّلَ وَعَلَيْكُمْ مَا حُمِّلْتُمْ وَاِنْ تُطٖيعُوهُ تَهْتَدُوا وَمَا عَلَى الرَّسُولِ اِلَّا الْبَلَاغُ الْمُبٖينُ
“Құдайға, Елшісіне бағыныңдар” де. Егер бағынудан бет бұрсаңдар, шын мәнінде, өзіне жүктелгенге, сендер, өздеріңе жүктелгенге міндеттісіңдер. Ал егер оған бой ұсынсаңдар, тура жол табасыңдар. Сондай-ақ Елшіге анық түрде жеткізу ғана міндет. (24:54)
Жоғарыда келтірілген аяттарда, Құдайға және Пайғамбарына қалай бағынышты болуымыз керектігіні анықтайды. Аяттағы ‘Елшіге анық түрде жеткізу ғана міндет' сөйлемі, Елшінің міндетінің тек Құдайдан келген ақпаратты адамдарға жеткізу әрі сонымен сақтандыру екендігін хабар береді. Елші, өзіне аян болып түскен Құранмен ғана үкім жасайды. Құраннан тыс діни үкімдер ойлап шығармайды, және де өзінің жеке көзқарасыны, діни қағида ретінде қабылдауларыны адамдардан талап ете алмайды.
Поделиться62012-11-15 01:13:20
БАҒЫНЫШ, ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҚҰДАЙДАН АЛҒАН ЖӘНЕ АДАМДАРҒА ЖЕТКІЗІЛГЕН МӘЛІМДЕМЕГЕ БОЛУЫ КЕРЕК. ҚҰРАННАН ТЫС КІТАПТАР ҚҰДАЙДЫҢ ЖОЛЫНЫ КӨРСЕТУШІ НҰСҚАУЫ РЕТІНДЕ ҚАБЫЛ ЕТІЛМЕЙДІ!
Ағраф сүресінде, Құдай, иман келтіргендерден, басқа кітаптарды емес керісінше тек Өзінің кітабыны ұстану керектігіні талап етеді:
كِتَابٌ اُنْزِلَ اِلَيْكَ فَلَا يَكُنْ فٖى صَدْرِكَ حَرَجٌ مِنْهُ لِتُنْذِرَ بِهٖ وَذِكْرٰى لِلْمُؤْمِنٖينَ
اِتَّبِعُوا مَا اُنْزِلَ اِلَيْكُمْ مِنْ رَبِّكُمْ وَلَا تَتَّبِعُوا مِنْ دُونِهٖ اَوْلِيَاءَ قَلٖيلًا مَا تَذَكَّرُونَ
Бұл саған түсірілген бір Кітап. Сондықтан көңліңде қысымшылық болмасын. Бұл арқылы ескертуің, иман келтіргендерге үгіт үшін.
Тәрбие етушілеріңнен сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да Одан өзгені дос тұтып ілеспеңдер. Нендей аз ғана үгіт тыңдайсыңдар! (7:2-3)
Бұл аятта көрсетілгендей, бағынуымыз талап етілген ілімбұлақ ол адамдарға Құдай тарапынан түсірілген Құран кітабы болып табылады. Ал ‘Одан өзгені дос тұтып ілеспеңдер' сөйлемі болса, Құдайдың аян етіп жіберген кітабынан басқа ешқандай ілімге бағынбауымызды баса айтып үгіттейді.
Құдай бір аятында адамдар үшін Құраннан басқа нұсқау жоқ екендігін Пайғамбарының есіне салады:
وَمَا اٰتَيْنَاهُمْ مِنْ كُتُبٍ يَدْرُسُونَهَا وَمَا اَرْسَلْنَا اِلَيْهِمْ قَبْلَكَ مِنْ نَذٖيرٍ
Оларға ілім алатын кітап бермедік те өздеріне сенен бұрын бір ескертуші жібермедік. (34:44)
Құдай, тағы бір аятында мына сұрақты жөнелтеді:
اَفَنَجْعَلُ الْمُسْلِمٖينَ كَالْمُجْرِمٖينَ
مَا لَكُمْ كَيْفَ تَحْكُمُونَ
اَمْ لَكُمْ كِتَابٌ فٖيهِ تَدْرُسُونَ
اِنَّ لَكُمْ فٖيهِ لَمَا تَخَيَّرُونَ
Бой ұсынушыларды, күнәкарлардай етеміз бе? Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер?Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма? Расында онда сендердің ұнатқандарың бар ма? (68:35-38)
Жоғарыда келтірілген аяттағы Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма? деген сөйлемі, бізге дін мәселесінде оқылып ілім алынатын жалғыз ілімбұлақтың Құран екендігіні ишарат етеді. Төмендегі аят, Құраннан тыс дәріс алатын басқа ілімбұлақтың жоқ екендігіні дәлелдей түседі:
اَمْ اٰتَيْنَاهُمْ كِتَابًا فَهُمْ عَلٰى بَيِّنَةٍ مِنْهُ بَلْ اِنْ يَعِدُ الظَّالِمُونَ بَعْضُهُمْ بَعْضًا اِلَّا غُرُورًا
Не Біз оларға кітап беріп, олар бір дәлел үстінде ме? Жоқ олай емес. Залымдар бірін-бірі алдауды ғана уәде етеді” де. (35:40)
Зухруф сүресінде, сенбеушілерге былай айтылады:
اَمْ اٰتَيْنَاهُمْ كِتَابًا مِنْ قَبْلِهٖ فَهُمْ بِهٖ مُسْتَمْسِكُونَ
Немесе оларға бұдан бұрын бір кітап бердік те соған жабысуда ма? (43:21)
Хаққа сүресінде, Пайғамбардың дінге байланысты сөздерінің бәріні Құраннан алғандығыны көрсетеді. Сол сүреде, Құдайдың сөзіне өзінің сөзіні Пайғамбарға қоспауы керектігі талап етілген, әйтпегенде жазаға тартылатндығы айтылған:
وَلَوْ تَقَوَّلَ عَلَيْنَا بَعْضَ الْاَقَاوٖيلِ
لَاَخَذْنَا مِنْهُ بِالْيَمٖينِ
ثُمَّ لَقَطَعْنَا مِنْهُ الْوَتٖينَ
فَمَا مِنْكُمْ مِنْ اَحَدٍ عَنْهُ حَاجِزٖينَ
Егер кей сөзді өзі айтып Бізге тақса
Әрине оның оң жағынан қолға алар едік
Сосын оның күре тамырын кесер едік.
Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды. (44:47)
Себеушілерді, Саффат сүремінде Құдай, Өзінің кітабынынан басқа ешқандай кітапты ұстанбауларыны талап етіп сақтандырады:
مَا لَكُمْ كَيْفَ تَحْكُمُونَ
اَفَلَا تَذَكَّرُونَ
اَمْ لَكُمْ سُلْطَانٌ مُبٖينٌ
فَاْتُوا بِكِتَابِكُمْ اِنْ كُنْتُمْ صَادِقٖينَ
Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер?
Түсінбейсіңдер ме?
Немесе сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма?
Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер. (37:154-157)
Дін мәселелерінде, Құдайдан келген кітаптардан басқа адамдарға нұсқау болатын басқа ілімбұлақтың жоқ екендігіні, Пайғамбардың Құрандағы сөйлемдерінен көреміз.
(Құдайдың жіберген басқа кітаптары, Құранмен келіскен жағдайларда ‘Құдайдың кітабы’ категориясынa жатады. Қараңыздар 42:13 )
قُلْ فَاْتُوا بِكِتَابٍ مِنْ عِنْدِ اللّٰهِ هُوَ اَهْدٰى مِنْهُمَا اَتَّبِعْهُ اِنْ كُنْتُمْ صَادِقٖينَ
“Егер рас айтушы болсаңдар, Құдай тарапынан ол екеуінен турарақ бір кітап әкеліңдер. Мен де соған ілесемін” де. (28:49)
Жоғарыда келтірілген аяттағы ‘ол екеуінен' сөйлемі, осы аяттың алдындағы аятта анықталады:
فَلَمَّا جَاءَهُمُ الْحَقُّ مِنْ عِنْدِنَا قَالُوا لَوْلَا اُوتِىَ مِثْلَ مَا اُوتِىَ مُوسٰى اَوَلَمْ يَكْفُرُوا بِمَا اُوتِىَ مُوسٰى مِنْ قَبْلُ قَالُوا سِحْرَانِ تَظَاهَرَا وَقَالُوا اِنَّا بِكُلٍّ كَافِرُونَ
Ал оларға өз қасымыздан ақиқат келгенде, олар: “Мұсаға берілген құсаған неге бұған берілмейді?” десті. Олар бұрын Мұса (Ғ.С.) ға берілгенге қарсы келмеп пе еді? “Бірін-бірі сүйемелдеген екі сиқыр” десті. “(Құран мен Тәурат) бәріне де қарсымыз” десті. (28:48)
Аятта, сенбеушілердің Құдай тарапынан Муса Пайғамбар мен Мухаммед Пайғамбарға түскен мәлімдемені қабыл алмағаныны білдіреді. Аятта, адамдардың Құдай тарапынан түсірілген Құран мен Тауратты қабыл алмай, өздері жасап шығарған ілімбұлақтың дін мәселесінде нұсқау бола алмайтындығы баса айтылған. Құдай кітабыны түсіріп иман келтіргендердін осы кітаптық нұсқауларыны ұстануларыны талап етеді. Иман келтіргендер болса осы Құдайдың талаптарына бойсұнып пәк дінге қоспалар еңгізбеуі керек. Алайда, адамдар Құранды тастап адамдардың ойлап шығарған ілім бұлақтарды ұстануда:
تَنْزٖيلُ الْكِتَابِ مِنَ اللّٰهِ الْعَزٖيزِ الْحَكٖيمِ
اِنَّا اَنْزَلْنَا اِلَيْكَ الْكِتَابَ بِالْحَقِّ فَاعْبُدِ اللّٰهَ مُخْلِصًا لَهُ الدّٖينَ
اَلَا لِلّٰهِ الدّٖينُ الْخَالِصُ وَالَّذٖينَ اتَّخَذُوا مِنْ دُونِهٖ اَوْلِيَاءَ مَا نَعْبُدُهُمْ اِلَّا لِيُقَرِّبُونَا اِلَى اللّٰهِ زُلْفٰى اِنَّ اللّٰهَ يَحْكُمُ بَيْنَهُمْ فٖى مَا هُمْ فٖيهِ يَخْتَلِفُونَ اِنَّ اللّٰهَ لَا يَهْدٖى مَنْ هُوَ كَاذِبٌ كَفَّارٌ
Бұл Кітаптың түсірілуі, тым үстем, аса дана Құдайдандан.
Расында саған бұл Кітапты шындықпен түсірдік. Сонда Құдайға шынайы дінді арнап, құлшылық қыл.
Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Құдайға тән. Сондай Құдайдан өзгені дос тұтқандар: “Біз бұларға, Құдайға жақындастырсын деп қана табынамыз” (дейді). Күдіксіз олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Құдай үкім береді. Расында Құдай, кім өтірікші, өте қарсы болса, оны тура жолға салмайды. (39:1-3)
Жоғарыдағы аяттарда, бізге тек Құранды ұстау жолымен яғни шынайы дінді Құдайға арнап бағынышты бола алатынымызды есімізге түсіреді. Бұны жүзеге асырып жатқанда бізді Құдайға артығырақ жақындатады деп Құдайдан басқаларға құлшылық жасамауымыз керек. Фатр сүресінде Құдай тек Құранды ғана аян деп атап, осы мәселеге біздің назарымызды аударады.
Құдайдың, Пайғамбарына Құранды түсіргеніні және мұсылмандардың Құранды қасиетті де киелі жол ретінде қабыл алуларыны баса талап етеді:
وَالَّذٖى اَوْحَيْنَا اِلَيْكَ مِنَ الْكِتَابِ هُوَ الْحَقُّ مُصَدِّقًا لِمَا بَيْنَ يَدَيْهِ اِنَّ اللّٰهَ بِعِبَادِهٖ لَخَبٖيرٌ بَصٖيرٌ
ثُمَّ اَوْرَثْنَا الْكِتَابَ الَّذٖينَ اصْطَفَيْنَا مِنْ عِبَادِنَا فَمِنْهُمْ ظَالِمٌ لِنَفْسِهٖ وَمِنْهُمْ مُقْتَصِدٌ وَمِنْهُمْ سَابِقٌ بِالْخَيْرَاتِ بِاِذْنِ اللّٰهِ ذٰلِكَ هُوَ الْفَضْلُ الْكَبٖيرُ
Сондай саған біз аян еткен Құран, ол хақ. Алдынғыны растаушы. Әрине Құдай, құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы.
Сосын ол Кітапты құлдарымыздан таңдағанымызға мұра қылдық. Және олардан әлде кім өзіне кесір тигізеді де кейі ортада болады. Ал тағы біреулері, Құдайың бұйырығынша жақсылықтарға ілгерлеуші болады. Міне осы, зор ізгілік. (35:31-32)
Көргеніміздей, Құдай, бізге асыл мұра ретінде, басқаны емес, жалғыз Құранды қалдырған.
Поделиться72012-11-15 01:13:34
ҚҰДАЙҒА ЖӘНЕ ЕЛШІСІНЕ БАҒЫНУ ЕКІ БӨЛЕК ҰҒЫМДЫ БІЛДІРМЕЙДІ!
Құранға зейін салып қарағанымызда, Құдайға және Елшісіне бағынудың, екі бөлек ұғымды білдірмейтіндігіні көреміз. Бұл себептен “Құдайға бағынуымыз ұшін Құранды, Елшіге бағынуымыз ұшін Құраннан басқа кітаптарға иланып соларды ұстануымыз керек” деген көзқарас мүлдем дұрыс емес.Құран аяттарының көрсеткеніндей “Құдай және Елшісі” түсінігі, жалғыз бір заң мен бағыныш қайнарына шығарады. Құдай, Тәубә сүресінде Пайғамбары арқылы, көпқұдайшылар турасынды баяндама жасайды:
وَاَذَانٌ مِنَ اللّٰهِ وَرَسُولِهٖ اِلَى النَّاسِ يَوْمَ الْحَجِّ الْاَكْبَرِ اَنَّ اللّٰهَ بَرٖیءٌ مِنَ الْمُشْرِكٖينَ وَرَسُولُهُ فَاِنْ تُبْتُمْ فَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ وَاِنْ تَوَلَّيْتُمْ فَاعْلَمُوا اَنَّكُمْ غَيْرُ مُعْجِزِى اللّٰهِ وَبَشِّرِ الَّذٖينَ كَفَرُوا بِعَذَابٍ اَلٖيمٍ
Ал бұл ұлық қажылық күнінде , Құдай мен Елшісінен халыққа жариялауы: Расында Құдай және Елшісінің мүшріктерге деген ешқандай қатынасы жоқ. Егер қателеріңнен айнысаңдар , сендер үшін жақсы болады. Ал егер (келісімнен) сырт айналсаңдар, Құдайды еш осалдата алмайтындықтарыңды біліңдер. Қарсы болғандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. (9:3)
Бұл аятта, жариялауды халыққа Елші жеткізген, бірақ аятта, бұл жағдайға “Құдай және Елшісінен” деп айтылған. Ақиқатта Елші, тек Құдайдың ғана жариялауыны жеткізген. Жоғарыдағы жариялауды Құдай дайындап, Елшісі де адамдарға жеткізген. Бұл жариялаудағы “Құдай мен Елшісінен” келгенінің айтылуы Құдай мен Елшінің екі түрлі құрал қағида шығармайтындығының дәлелі болып табылады. Құдай барлық қасиетті құрал қағидалардың қайнары, алайда осы қағидаларды адамдарға жеткізу үшін Елшілерді сайлаған.
Әнфәль сүресінде былай айтылады:
يَا اَيُّهَا الَّذٖينَ اٰمَنُوا اَطٖيعُوا اللّٰهَ وَرَسُولَهُ وَلَا تَوَلَّوْا عَنْهُ وَاَنْتُمْ تَسْمَعُونَ
Әй иман келтіргендер ! Құдайға әрі Елшісіне бой ұсыныңдар. Және (Құранды) ести тұра онан бет бұрмаңдар. (8:20)
Жоғарыда келтірілген аятта, Құдайға әрі Елшісіне бой ұсыну керектігіні айта келіп жалғасында “Және (Құранды) ести тұра онан бет бұрмаңдар” сөйлемімен бітіреді. Осы сөйлемде, “олардан” деп келетін көптік есімдік емес “онан” деп келетін жекеше есімдіктің болуы коп нәрсені түсіндіреді. Себебі Құдай мен Елшісі екі бөлек діни ілімбұлақ әкелмейді. Құдайдың жібергені мен Елшінің адамдарға жеткізген мәлімдемесі айырмасыз біреу. Ол ілімбұлақ - Құран.
Бағыну мен бойұсыну тек Құдайға болуы керек, алайда Құдай барлық адамдармен біртіндеп көріспей, араларынан біреуіні сайлап, заңдары мен әмірлеріні сол адам арқылы жұртшылыққа жеткізеді. Міне осындай адамдар “ Пайғамбар” (Нәби ) яки “Елші” ( Расуль) деп аталады. Құдай ондай адамдарға хабар жолдағаны үшін оларға “Пайғамбар”(Нәби) деп айтылады, сондай-ақ “Елші” (Расуль) деп аталуларының себебі де Құдайдан алған мәлімдемені жасырмай адамдарға жеткізулері. Елші, Құдайдың заңыны тек жеткізіп қоймай өзіде соны берік ұстануға жауапты.
Елші, адамдарға өз пікірлеріні емес қасиетті хабарды жеткізеді. Елші діни ұғымда, Құраннан басқа әкелген сөзі жоқ:
اِنَّهُ لَقَوْلُ رَسُولٍ كَرٖيمٍ
Күдіксіз ол (Құран) ардақты Елшінің сөзі. (69:40)
Жоғарыда келтірілген аятта, Елшінің сөзіне бойұсынудан мақсат, оның әкеліп жайған мәлімдемесіне яғни Құранға бойұсыну болып табылады. Сол үшін Құдай Ниса сүресінде былай деп бұйырады:
مَنْ يُطِعِ الرَّسُولَ فَقَدْ اَطَاعَ اللّٰهَ وَمَنْ تَوَلّٰى فَمَا اَرْسَلْنَاكَ عَلَيْهِمْ حَفٖيظًا
Кім Елшіге бағынса, Құдайға бағынған болады. Ал кім бет бұрса, оларға сені аңдушы етіп жібермедік. (4:80)
Жоғарыда келтірілген аяттар, Елшіге бойұсынудың, Пайғамбардың жеке үкім және көзқарастарына бағыну болып табылмайтындығын көрсетеді. Елшіге бойұсыну дегеніміз ол елшілік міндетінің талабы бойынша оған түсірілген құдайшыл мәлімдемеге бас ию болып табылады. Сондықтан Құдай мен Елшісі екі бөлек ілімбұлақ емес. Құдай мен Елшісіне бағыну дегеніміз ол бір ілімбұлаққа бағыну, яғни Құдайдың жіберген Кітабына бағынумен мүмкін болады.
жалғасы бар...